Танымал имам, дінтанушы, теолог, психолог Нұрлан Байжігітұлы қызмет бабымен Алматыдан Астанаға көшті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Заманауи бағыттағы уағыздарымен көптің жүрегін жаулаған имам Нұрлан Байжігітұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті.
“Бісмілләһир-Раxманир-Раxим! Алланың қалауымен, елдің ақ тілегімен бүгін Астанамыздағы “Алланың гүлі” аталып кеткен Ырыскелді қажы атындағы мешітке бас имам боп тағайындалдым. Бұл мен үшін қуанышты жаңалық! Енді Астана жұртшылығымен және қала қонақтарымен осы мешітте жүздесеміз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз берік, руханиятымыз тұғырлы болсын”, – деп жазды Нұрлан имам.
Көпшіліктің көзайымына айналған имамды желі қолданушылары жарыса құттықтады.
“Нұрлан ұстаз, Алла екі дүниенің абырой-бақытын, берекесін, хайырын берсін”, “Лайықтысыз”, “Жақсы жаңалық екен. Құттықтаймын! Алла жар болсын”, “Құтты болсын Ұстаз! Өте қуаныштымын! Еңбегіңіз зор, бүкіл халық Сізді жақсы көреді, биіктен көріне беріңіз”, “Нұреке дәрежеңіз бұдан да жоғарылай берсін”, – деп ақ тілектерін арнады желідегілер.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Байжігітұлы Алматыдағы “Зәм-зәм” мешітінің бас имамы болды.