БАҚ беттерінде “Райым Ерке Есмаханды тастап кетті” деген ақпарат тарады. Әнші Ерке Есмахан жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Біреудің бақытын емес, қайғысын күтіп отыратын заман, қоғам болды ғой. Жұмысымен Америкаға барып келгенге “бросил” деп жар салып, жаңалық жасап жатырсыңдар. Ұятсыздар! Қашан осы “бросил”, “расстались”, үйтті, бүйтті деген жаңалық шығарамыз деп армандап жүрген қара ниетті адамдарға айтарым, Аллаға тапсырдық сендерді. Әр қисық сөз, арам ой жазғандарыңыз үшін өздеріңіз жауап бересіздер. Жолдасым екеуімізге Алла сабыр және мол бақыт берсін”, – деп жазды Ерке Есмахан.
Өзі жайлы негізсіз жаңалықтар мен қауесет өнер иесінің ашуына тиген көрінеді.