Талас ауданында ардагерлер арасында волейболдан аудандық ашық турнир өтті

0 1

Талас ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде 63 жастан асқан ардагерлер арасында волейболдан аудандық ашық турнир өтті. Аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға Сарысу ауданы, Қаратау қаласы, Майтөбе және Қызыләуіт ауылдық округінен келген спортшылар өзара бақ сынады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жарыс барысында ардагер спортшылар шеберлеріктерімен ерекшеленіп, ойын көрігін қыздыра білді. Спорт жас талғамайды. Турнирге жаттығуды күнделікті өмір салтына айналдырған 76 жастағы Р.Темірболатов қатысып, кездесулердің қызықты өтуіне өз үлесін қосты.

Тартысқа толы бәсекеде құрамында Д.Русоловский, И.Сүлеев, М.Қадырбеков, Д.Тәжімбетов және С.Аманов ойнаған «Қаратау-1» командасы жарыс жеңімпазы атанса, 2-орынды Сарысу ауданы құрамасы иеленді. Ал, 3-орын «Қаратау-2» командасының ардагер спортшыларына бұйырды.

 «Үздік ойыншы» аталымына П.Абаев лайықты деп танылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.