Футзалдан ұлттық құрама Еуропа чемпионатының жартылай финалына шыға алмады

0 6

Амстердам қаласында Украина құрамасына қарсы ойнаған ел құрамасы 5:3 есебімен есе жіберді. Бірінші кезеңде украиналық Шатурма пенальтиді сәтті орындап, командасын алға шығарды. Екінші кезеңде де есепті еселеген қарсыластар ойынның 29-минутында табло тақтасындағы көрсеткішті 3:0 ге жеткізді. Одан соң Дуглас пен Б.Оразовтың соққан голы есеп айырмасын қысқартқан еді.

Алайда, бес ойыншымен шабуылдау кезінде Украина құрамасы мүмкіндікті мүлт жіберген жоқ. Бос қақпаға екі доп соғып, есепті 5:2 жеткізді. Кездесудің соңғы голын Б.Оразов соққанымен, жерлестеріміз 5:3 есебімен ойынды аяқтап, жартылай финалға шыға алмады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.