Тұрғын үй саясаты: Прайс-парақтардың орнына сметалық баға анықтамалары енгізіледі

0 8

Мемлекет бюджетіне салынатын тұрғын үйлердің құрылыс шығыны онлайн калькулятордың көмегімен реттеледі. Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев осындай ұсыныс көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың инвестицияларының қатысуымен бір ғана объектілердің құнын арттыруды болдырмау үшін мемлекеттік сараптама порталында онлайн-калькулятор (epsd.kz) енгізе отырып, құрылысқа жұмсалатын шығындардың шекті лимиттері белгіленді. Прайс-парақтардың орнына бірегей сметалық бағалар, сметалық бағалардың анықтамалары әзірленеді», — деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, бұл тетіктер өңірлер бойынша бірдей объектілерді салу құнының ауытқуына, сондай-ақ жобалау және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау кезеңдерінде жобалардың сметалық құнының артуына жол бермеуі керек», — деді Қайырбек Өскенбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.