Жарыстың барлық жүлдесін иеленді: Қазақстан спортшылары Азия чемпионатында таңқаларлық нәтиже көрсетті
Жеңіл атлетикадан Азия біріншілігінің соңғы күнінде еліміздің қоржыны бірден 3 жүлдемен толықты. Қазақстандық үш спортшы биіктікке секіру сайысының жүлделерін өзара бөлісіп алды. Алтын жүлде Надежда Дубовицкаяның еншісінде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әйелдер арасындағы биіктікке секіру жарысында қазақстандық спортшылар үздік нәтижеге қол жеткізді. Алтын медаль Надежда Дубовицкаяға бұйырды, күміс жүлдені Кристина Овчинникова алды. Екі спортшы да бірдей нәтиже көрсетті – 1,89 м, бірақ талпыныстар саны аз болған Надежда жеңімпаз атанды. Қола жүлдені 1,84 метрге секірген Елизавета Матвеева иеленді.
Осылайша, жеңіл атлетикадан Азия-2023 чемпионатында қазақстандықтар үш алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды.