Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны жаңа жеңісімен құттықтады

0 35

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны құттықтады, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Мемлекет басшысының желідегі парақшасына сілтеме жасап.

«Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жарқын жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны @lenarybakina құттықтаймын! Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті. Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін!», — деп жазды Мемлекет басшысы желідегі парақшасында.

Еске салсақ, Елена Рыбакина алғаш рет Индиан-Уэллс мастерс турнирінің чемпионы атанды. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллс (АҚШ) турнирінде жеңіске жеткеннен кейін WTA рейтингінде 7-орынға көтерілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.