Астана күніне орай жағажай волейболынан 2007-2008 жылы туған қыздар арасында ұйымдастырылған Талас ауданындағы №32 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі өз мәресіне жетті.
Қаратау қаласында орналасқан балалар мен жасөспірімдер жағажай волейбол алаңшасында өткен додада 6 құрама бақ сынаған болатын.
Жеңімпаз және жүлдегерлер:
I орын: Байзақ ауданы (8 ОМБЖСМ)
II орын: БЖСМ (1-ші құрам)
III орын: №32 БЖСМ (2-ші құрам)
Жеңімпаз бен жүлдегерлер диплом және арнайы медальдармен марапатталды.