Тараз қаласында ардагерлер арасында футболдан халықаралық турнир басталды

0 18
«Жамбыл облыстық Гректер этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі Тараз қаласының «Әулие Ата» стадионында» 7+1″ форматы бойынша ардагерлер арасында футболдан халықаралық турнирдің ашылу салтанатын өткізді.
Құттықтау сөз Тараз қалалық футбол клубының вице-президенті Суенбаев Ержан Бақытұлына және футбол бапкерлігінен ҚР еңбегі сіңген спорт жанкүйері Хутиди Георгий Павловичке берілді.
Бұдан соң,үш күн бойы бақ сынайтын командалар таныстырылды.
Сондай-ақ, ашылу салтанаты барысында «Қоғамдық келісім» КММ шығармашылық ұжымы өнер көрсетіп, көпшілікті тәнті етті.
Атап айтқанда, «Үкілім-ай» би ансамблінің биші арулары «Қазақ» биі мен «Өзбек» биін орындады. Ал «Ахыска» Түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі Фейзев Айхан «Мен қазақпын» әнін нақышына келтіріп шырқап берді.
Іс-шарадан соң ойын кестесі бойынша «Дантист»-«Жеңіс»,«Әулие-Ата»-«Аполлон» командалары алғашқы ойындарын бастады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.