Таласта спорт күні аталып өтті

0 34

Талас ауданы, Қаратау қаласының орталық стадионында Спорт күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекелік шараға Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков және аудандық мәслихат төрағасы Қадырбек Садубаев қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларды айтулы күнмен құттықтады.

Іс-шара барысында еліміздің, оның ішінде ауданымыздың спорт саласына елеулі үлес қосқан спорт қызметкерлері мен спорт ардагерлері, жаттықтырушылар, кәсіпқой спортшылар аудан әкімінің мерекелік құттықтауымен, алғыс хатымен және құрмет грамотасымен, сонымен қатар, арнайы сыйлықпен марапатталды.

Ашық аспан астында өткен салтанатты шарада таластық спортшылардың биылғы жылы әлемдік, халықаралық, республикалық жарыстарда жеткен жетістіктеріне фото сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Спорт түні кәсіби мерекесі жасөспірім боз кілем шеберлерінің көрсеткен күрес әдіс-тәсілдерімен, таеквондо спортшыларының әдемі қойылымымен, сондай-ақ ала доп шеберлерінің тамаша өзара ойынымен жалғасты.

 

Айта кетейік  спорт күні — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылдың 15 қарашасындағы Жарлығына сәйкес тамыз айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

 

Спорт саласы Қазақстанда кең қолдауға ие. Елде спорттың дамуына бұқаралық спорт қозғалысын кеңейтуге  спорттағы жетістіктерді ынталандыруға бағытталған саясат ықпал етуде.

Сондай ақ Қазақстандық спортшылар соңғы онжылдықтарда халықаралық жарыстарда, Олимпиада ойындарында үздік нәтижелерді көрсетіп келеді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.