Каратэшілер Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында үш медаль жеңіп алды

0 2

Сауд Арабиясының астанасы Ар-Риядта өтіп жатқан Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында WKF каратэден жарыс мәресіне жетті, деп хабарлайды Kazinform. 

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін кумите бағдарламасында финалға шыққан Дидар Анарбеков (84 келі) тартысты айқаста Сауд Арабиясының спортшысы Санад Суфианиге жол беріп, 2-орын алды.

Дидар жартылай финалда чехиялық Ондрей Бошакты жеңген еді. Күндізгі сессияда Дидар 3 жекпе-жек өткізіп, екеуінде қарсыластан басым түскен.

Сондай-ақ 21 қазанда Бэлла Самашева (55 келі) күміс медаль жеңіп алды.

Ал 68 келіге дейінгі салмақтағы Нүрия Тізімбай қола алды.

«Екі күнге созылған каратэшілер жарысында 3 медаль алдық. Оның екеуі күміс, біреуі қола. Барлығы Ұлттық құрама сапында 7 спортшы келді», — деді жастар құрамасының аға бапкері Шаттық Қажымұқан.

Айта кетейік, Қазақстан делегациясы осыған дейін Бейжің мен Санкт-Петербургте өткен жауынгерлік өнер ойындарында WKF каратэден медаль алмаған.

Еске салсақ, бұдан бұрын Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында қазақстандық самбошылар жеті медаль алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.