Волейболдан аудандық ашық турнир өтті

0 34

Мойынқұм ауданында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, дене тәрбиесі мен спорттың бұқаралылығын арттыруға, көп көңіл бөлініп келеді. Мұның айқын дәлелі ауданымыздың ірі елді мекендерінде соғылып, пайдалануға беріліп жатқан дене шынықтыру сауықтыру спорт кешендері мен жасанды төсеніштері бар футбол және стритворкаут алаңшаларынан көруге болады.

25 қазан-Республика күні аудан әкімдігінің  дене шынықтыру  және спорт  бөлімнің  ұйымдастыруымен  аудандық Спорт кешенінде волейболдан Мойынқұм ауданының ашық турнирі өтті.  Оған Тараз қаласы,  Меркі,  Шу, Мойынқұм аудандарынан 8 команда қатысты.

Турнирдің ашылуында құттықтау сөз сөйлеген  аудан әкімі Әлихан Балқыбеков аудан тұрғындары үшін салынып жатқан спорттық инфрақұрылымдар туралы, спорт саласының саласының дамуы және аудан тұрғындары арасында жарыстарды көптеп өткізу жөнінде сөз қозғап, жарысқа қатысушы жастарға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ Абзал Көшербаевты марапаттады.Турнир соңында кіл мықтылар сынға түскен жарыста қарсылас шақ келтірмеген волейболшыларды аудан басшысы  Әлихан Әбіләшұлы құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Жарыс нәтижесінде Тараз қаласының командасы 1-орын, Мойынқұм ауылы 2 -орын,  Меркі ауданы 3- орынға ие болды.  Жеңімпаз командалар «Нығмет нұры»  ҚБ-ның арнайы медалі, грамотасы мен сертификатын және қаржылай сыйлықтарымен марапаттады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.