Таластық ұстаз асық атудан жеңімпаз атанды

0 18

Таластық ұстаз Серік Тапаев асық атудан жеңімпаз атанды. Педагогтар арасында өткен жарыстан топ жарған мұғалім республикалық аламанда да оқ бойы озық шықты.

Асық атудан ересектер арасында түрлі деңгейдегі жарыстардың ұйымдастырылып келе жатқанына да көп болды. Асық ату үшін де дәлдік пен шеберлік қажет.

Ойынның өз әдіс, тәсілі бар. Оны ойнай білген адам жақсы ұғады. Аудан көлемінде педагогтер арасында А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның мұғалімі Серік Тапаевқа тең келер
қарсылас жоқ. Аудан көлемінде өткен жарыстардан бас жүлдені берген кезі болған емес. Жақында мұғалімдер арасында өткен облыстық жарыста республикалық кезеңге жолдама алған Серік Тараз қаласын­да Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми — практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен өткен Қазақстан мұғалімдері спартакиадасында асық атудан
Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.

— Асық атуға еп керек. Аудан, облыс көлеміндегі жарыстардан алда жүрміз. Алайда, республикалық деңгейдегі бәсекеде жол беріп қоятынбыз. Биылғы спартакиада оңай болған жоқ. Әр өңірдің кіл мықтылары бақ сынады. Бірақ біз де намысқа тырыстық. Асық ату-ұлттық ойынымыз.
Құндылықтарымызға назар күшейіп, қызығушылық артқан сайын, оның бағасы да өседі. Міне осындай жарыстар арқылы ұлттық ойынға балалардың көңілін аудара аламыз,- дейді жеңімпаздың өзі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.