Қазақстанның таеквондо шеберлері Fujairah Open-де 7 жүлдені жеңіп алды

0 28

 Бүгін Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында таеквондодан G2 санатындағы турнир аяқталды. Нәтижесінде жерлестеріміз 7 жүлде жеңіп алды.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, үш күнге созылған бәсекеде Ұлттық құрама спортшылары да бақ сынап, 7 медальды жеңіп алды.

Атап айтатын болсақ, финалда Аманбол Бегімбетов (63 келі) Ясмина Нарбаева (62 келі) мен Жансель Дениз (73 келі) қарсыласына жол беріп, күміс жүлдегер атанды.

Ал VI жазғы Спартакиаданың жеңімпазы Батырхан Төлеуғали (80 келі) және Бексұлтан Мұсахан (68 келі), Ерасыл Орынбасар (74 келі), Нұрлан Мырзабаев (87 келі) жартылай финалда сүрініп, өз салмағында үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстан құрамасы дәстүрлі бәсекеге тұрақты қатысып келеді. Мысалы, осыдан екі жыл бұрын осында Ұлттық құрама өкілдері 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.