Қолбасшы Қойгелді атындағы республикалық турнир өтті

0 3

2025 жылдың 26 сәуір күні Қаратау қаласындағы спорт кешенінде 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен Қолбасшы Қойгелді атындағы Республикалық турнир өтті.

Жарысты салтанатты түрде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сәлемов Серік Жақсылықұлы ашып, жас балуандарға сәттілік тіледі.

Аламан додада еліміздің әр өңірінен келген 350-ден астам спортшы 46, 50, 55, 60, 65, 70, 76, 82 және +82 кг салмақ дәрежелерінде бақ сынады.

Жарысқа қатысқан өңірлер: Атырау облысы, Қызылорда облысы, Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Жетісу облысы, Алматы облысы, Алматы қаласы, Павлодар облысы, Қостанай облысы, Ақмола облысы, Астана қаласы және Жамбыл облысының барлық аудандары мен Тараз қаласы.

Бұл турнир – болашақ чемпиондарды тәрбиелейтін үлкен алаң! Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз және алда жарқын жеңістер тілейміз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.