Қол күресінен Азия чемпионы атанды

0 3

Ағымдағы жылдың 3 — 11 мамыр аралығында Үндістан мемлекетінің астанасы Нью Дели қаласында жасөспірім қыздар арасында армрестлингтен Азия чемпионаты өткен болатын.

Аталмыш жарысқа ауданымыздан Түркістан ауылдық округіне қарасты Арыстанды ауылының тумасы Гүлнәр Алиева қатысып, бақ сынады.

Тартысты өткен жарыста Гүлнәр қарсылас шақ келтірмей, Азия чемпионы атанды. Қолы мығым, қайраты мықты Гүлнәрдың жеңісі ауданымыздың абыройы. Жеңіс құтты болсын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.