Күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан Қазақстан кубогында еркін күрестен сайыс мәресіне жетті.
Әулиеаталық балуандар 3 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде еншілеп, осымен 4-ші рет жалпы командалық есепте топ жаруда.
Еркін күрестен Жамбыл облысы құрамасынан Әділет Әлмұхамедов 57 кг, Дәулет Ергеш (79 кг) пен аса ауыр 125 келі салмақта Әлішер Ерғали жеңімпаз атанса, Елдос Қуанышбай (74 кг), Мейіржан Аширов (70 кг) күміс жүлдеге ие болды, сонымен қатар, Әбдінұр Нұрланбек (61 кг) қола медальмен жарысты қорытындылады.
Сондай-ақ, 10 салмақтың қорытындысы бойынша, командалық рейтинг те жасақталды:
🥇Жамбыл облысы: 148 ұпай
🥈Алматы қаласы: 110 ұпай
🥉ШҚО: 103 ұпай