Жамбылдық жас балуан Халықаралық турнирден алтын жүлдемен оралды

0 22

Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласында грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында халықаралық турнир болып өтті. Байрақты бәсекеде Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан және Қырғыз елінің түкпірінен 700-ге жуық жас балуандар бақ сынады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Тараз қаласындағы облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп интернатының өкілі Нұрбол Әшім осынау байрақты бәсекеде 50 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, алтыннан алқа тақты. Жас жеңімпаз қарсыласын 10:0 есебімен қапыда қалдырған Нұрбол шешуші белдесуде қырғыздық қарсыласын белдесудің алғашқы минуттарында –ақ таза жеңді. Нұрбол Әшім аталмыш спорт түрімен жеті жасынан бастап айналысқан. Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы БЖСМ-нің түлегі, спорт шеберлігіне үміткер.

Балуан бұған дейін грек-рим күресінен облыстық, республикалық жарыстарда жеңімпаз атанып, халықаралық додаларда жүлдегерлер қатарынан көрініп жүрген болатын. Атап айтсақ, 2015 жылы Ақмола облысы, Жақсы қаласында өткен аламанда 2001-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен ҚР чемпионатында алтыннан алқа тағынды. Білекті балуанды бәсі жоғары жарыстарға баптаған жаттықтырушысы Рүстем Ахметов.

Ол келешекте Нұрболдан ел намысын әлем чемпионатында, Олимпиадада абыройлы қорғайтын балуандар қатарынан көргісі келеді, шәкіртіне зор сенім білдіріп, үмітін ақтайтынына  күмән келтірмейді.

Айта кетейік,  Бішкекте КСРО    спорт шебері  Дүйсенқұл  Ахметовты    еске алуға арналған  грек-рим күресінен     халықаралық турнир     өткен болатын.   Жарысқа Қырғызстан,  Қазақстан,  Тәжікстан   және Өзбекстан    елдерінен 500-ден  астам спортшы  қатысты. Жалпы есеп  бойынша     алаң иелері  көш бастады:  олар 36, 39, 46, 50, 76, 85  және  100 килаға дейінгі салмақ санаттарында    жеңімпаз  атанды.  Үш    алтын  медаль    Қазақстанға     аттанды.    Алтынды Айбек Мардилов 42 киләға  дейінгі салмақта, Нұртай Нұрғалиев 69  килаға  дейін және Қыдыралы Жансеитовтер 4 киләға дейін қанжығалады.  Осымен    16-ші рет өткізіліп  отырған     турнирдің аясы      жыл сайын  кеңейіп,    қатысушылар саны  көбеюде. Халықаралық деңгейдегі жарыстар көк байрағымыздың биікке көтерілуіне септігін тигізері сөзсіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.