Қазақстандық Геннадий Головкин IBF титулы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін украиналық Сергей Деревянченкомен жекпе-жектің барлық талабына келісті. Бұл туралы The Athletic инсайдері Майк Коппинджер хабарлады, — деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу 5 қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтеді, ал АҚШ-та оны DAZN стриминг сервисі трансляциялайды. Мәміле аяқталуға жақын қалды. «Дереккөз: GGG 5 қазанда MSG аренасында Деревянченкомен жекпе-жек өткізу үшін барлық талапқа келісті. Деревянченконың кеңесшілері Кит Коннолли және Эл Хэймон келісімшартқа әлі қол қоймады, бірақ ол жүзеге асса, Головкинге IBF титулын қайтаруға мүмкіндік туады», — деп жазды Коппинджер.
Бұған дейін Головкин мен Деревянченконың жекпе-жегінің уақыты осы аптада мәлім болатыны хабарланған. Сондай-ақ, украиналық спортшының гонорары да айтылды, бұл тек ол үшін емес, оның еліндегі боксшылары алмаған рекорд қаражат болайын деп тұр. Еске салайық, 5 тамызда Халықаралық бокс федерациясы (IBF) бос қалған белбеу үшін Деревянченко мен Головкин арасында жекпе-жек тағайындады. Тараптарға келіссөз жүргізуге 30 күн берілді, ал олар сәтсіз болған жағдайда промоутерлік сауда-саттық тағайындай алады
Дереккөз: tengrinews.kz