Бүгінгі таңда Мойынқұм ауданында 104 спорт нысаны тіркелген. Оның ішінде 1 спорт кешені, 1 орталық стадион, 28 спорт залы мен 74 спорт алаңдары мен алаңшалары 12 қарапайым футбол алаңы және 62 шағын спорт алаңшалар бар, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Аталған спорт нысандарының 86-сы жалпы білім беру мекемелерінің, 9-ы спорт мектебінің, 4-уі орта арнайы оқу орнының, 5-уі басқа мекемелердің теңгерімінде.
Аудандағы барлық 104 спорт нысанының 62-сі спорт алаңшалары болса, оның 15-сі кіші футбол алаңшалары, 4-уі жасанды төсеніші бар кіші футбол алаңшалары 3 алаңша Мойынқұм ауылында, 1 алаңша Жамбыл ауылында 11 қарапайым футбол алаңдарын құрайды. Сонымен қатар қарапайым 23 волейбол, 20 баскетбол, 2 гимнастикалық және 2 құрамдастырылған спорт алаңшалары бар.
Облыс әкімі мен аудан әкімі арасындағы келісілген түйінді нысаналы индикатор бойынша 2019 жылы ауданда қосымша 12 спорт алаңшалары салыну жоспарланған. Яғни 5 кіші футбол, 7 волейбол алаңшалары. Оның 2 футбол алаңшасы аудандық бюджеттен салынса 1 алаңша Бірлік ауылында, 1 алаңша Мойынқұм ауылындағы орталық стадионның ішінде) 1 футбол алаңшасы Ақсүйек жеке бақылау есебіндегі қолма қол ақшадан (КСН) және 2 футбол алаңшасы Мыңарал, Шығанақ демеушілер есебінен салыну жоспарланған. Сонымен қатар Көкжелек, Күшаман, Жамбыл, Ақбақай, Қылышбай, Қарабөгет, Хантау ауылдарында демеушілер тарапынан қарапайым волейбол алаңшаларын салу жоспарлануда.
Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы мен аудан әкімінің арасындағы келісілген түйінді нысаналы индикатор бойынша 2019 жылдың 1 жарты жылдығында жоспарланған аудандағы дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың қатары 9393 адамды немесе 29%-ды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 128 адамға өсіп отыр. (2018 жылы 9265 адам)
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2020 жылға дейін Қазақстан халқының кем дегенде 30 пайызын бұқаралық спортқа тарту міндетін белгілеуі, дене шынықтыру мен спорттың адам өміріне деген маңызын барынша күшейтіп отырғандығы белгілі.
Бүгінгі күнге 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша аудан тұрғындарының 29,5% немесе 9393 адам спортпен тұрақты айналысуда. Жыл басынан ауданда салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 257 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 9133 адам қамтылды.
Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің №19 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі 2000 жылы ашылған. Аталған спорт мектебінде бүгінгі таңда спорттың 7 түрінен, атап айтқанда қазақ күресі, еркін күрес, бокс, волейбол, баскетбол, футбол және дзюдо және бөлімдері жұмыс атқаруда. Барлығы 24 жаттықтырушы, 644 спортшы атап айтсақ, қазақ күресінде 10 жаттықтырушы 262 спортшы, еркін күресте 1 жаттықтырушы 46 спортшы, бокс бөлімінде 3 жаттықтырушы 92 спортшы, волейбол бөлімінде 4 жаттықтырушы 86 спортшы, баскетбол бөлімінде 2 жаттықтырушы 35 спортшы, футбол бөлімінде 3 жаттықтырушы 94 спортшы, дзюдо бөлімінде 1 жаттықтырушы 29 спортшымен жүйелі түрде шұғылданады.
Мойынқұм ауданы өткен ғасырдың 80 жылдары екі мәрте Еңбек ері атағын иеленген, даңқты шопан, «Шопандардың маршылы» атаңған жерлесіміз Жазылбек Қуаншыбаев атындағы қазақ күресінен республикалық турнирдің, халықаралық дәрежеге дейін көтерілген өңір. Аталған республикалық турнирде жерлетеріміз Әшімхан Сатыбалдиев, Ыбырай Молдабаев, Рысманап Шаңлақбаев сынды палуандарымыз әр кездері жеңімпаз атанған.
Мойынқұм ауданының спортшылары Республикалық, облыстық және ауданаралық жарыстарға қатысып, жоғары нәтижелер көрсетуде. Атап айтсақ, самбо күресінен жастар арасында Монғолияда өткен Азия чемпионатында Оңалбай Жұмадулла чемпион атанды және Грузияда өткен Әлем чемпионатында екінші орын алды. Облыс, Республика көлемінде Қазақ күресінен Нәзімхан Наурызбай, Оразалы Жандәулет, Алпысбай Еркін, Оңалбай Жұмадулла, Тыныш Сырым, Жұмаділ Елдияр, Жасұлан Жарас, Тілепберген Шынғыс, Әзімхан Ерхан, Орманқұл Өрісбай, еркін күрестен Батырхан Нұртай, Шоқпарбек Нүркен, Шәкірбек Санжар, Сабырхан Мейірхан, Дінисламұлы Нұрислам, бокстан Қазақтан республикаының чемпионатында Мойынқұмдық Мейрам Болашақ 1 орын алып, алтыннан алқа тақты.
Сондай-ақ ересектер арасында Аділбеков Бекмұхан қазақ күресінен Азияның екі дүркін чемпионы, Дүйсенов Ринат қазақ күресінен Азияның қола жүлдегері, Ерболұлы Абай қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» Республикалық турниріне қатысушы, Исақ Нұрзат, Отарбаев Самат, Ынтықбаев Серікболсын, Рахманқұлов Төлебай, Зарықбай Сұлтан, Сейтбекұлы Саян, Тілепберген Шынғыс қазақ күресінен, Шалтаева Фариза бокстан Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегерлері атанды.