Жамбыл облысында «Кедергісіз келешек» жобасы аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

0 1

Жамбыл облысында «Nur Otan» партиясында  облыстық филиалының ұйымдастыруымен партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Nur Otan» партиясының доктринасына сәйкес жоғары өмір сүру стандарты бойынша барлық азаматтарға әлеуметтік қызметтер тең қолжетімді болу қажет. Бұл мемлекеттің, азаматтардың және жұмыс берушілердің тілеулес жауапкершілігі арқылы қамтамасыз етілуі керек. Осы мақсатта Үкімет Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдап, кезең-кезеңмен жүзеге асыруда. Нәтижесінде Қазақстанда халықтың еңбекке жарамсыз болып қалу тәуекелдерін алдын алуға, өмірдің қиыншылығына тап болғандар мен мүгедектіктің басталу кезі мен мүгедектікті оңалтуға – арнайы әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған бірқатар заңдар қабылданды.

Партияның «Кедергісіз келешек» жобасын іске асыру Елбасының, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың жоғарыда көрсетілген тапсырмаларының тиімділігін арттырады және мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын арттыруда мемлекеттік уәкілетті органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың күштерін біріктіруге мүмкіндік береді.

Жәрмеңкені партия облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат ашып, жәрмеңке жұмысына сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде соңғы үш жылда партияның Жамбыл облыстық және аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 187 мүмкіндігі шектеулі жан өтнішпен келіп, оның бүгінгі күнге 66-ы оң шешімін тапқандығын жеткізді.

Түскен өтініштердің басым бөлігі мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру, материалдық көмек беру, тұрғын-үй мәселелері болған. Осы мәселелерді ескере келе партия облыстық және аумақтық филиалдары «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын жүзеге асыру мақсатында жыл сайын мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастырады. Биыл бұл жәрмеңке екінші рет өткізілуде.

Соңғы үш жылда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша 400-ге жуық мүгедек жан жұмысқа орналасқан, — деп атап өтті. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 24 жұмыс беруші мекемелерден 70 мамандық бойынша 166 жұмыс орны ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.