Меркі ауданы, Ақермен ауылдық округінде «Әкем ,анам және мен» тақырыбында отбасылық жарыс өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Меркі ауданында «Отбасы күні» мерекесі барлық ұйым-мекемелерде аталып өтілуде.
Осыған орай аталмыш жарысқа 10 мерейлі отбасы қатысты. Мектеп директоры Айсұлу Иманбайқызы акцияның мақсатымен таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Нәтижесінде 1-орынды Інжу Есенгелді отбасымен иеленіп, 2-орынды Несіпхан Нұрислам отбасымен иеленді. 3- орынды Ұлдана Әшімқұл отбасымен місе тұтты,
Айта кетейік жарыс жеңімпаздары №11 мектеп директорының арнайы мақтау қағазымен марапатталды.