Меркі ауданында «Отбасы күні» атты жиын өтті

0 7

Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2013 жылғы 1-наурыздағы №511 Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» деп бекітілуіне байланысты Меркі ауданы әкімдігінде мерекелік күнді атап өту үшін салтанатты жиын өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бүгінгі мерейлі күнде әрбір меркілік отбасына қажырлы еңбек, тағлымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын лайықты жалғастырып келе жатқаны үшін зор ризашылығымды білдіремін. Берік отбасылық құндылықтар арқылы ғана мемлекеттің іргесі мығым, ғұмыры мәңгі болады. Баршаңызға зор денсаулық, береке-бірлік, жақсылық тілеймін! Шаңырақтарыңызға махаббат пен татулық салтанат құрсын!-деді аудан әкімі Мейірхан Өмірбек.

Бүгінде  Меркі ауданда 84 792 тұрғын, 17 004 аулада мерейлі отбасы тату тәтті өмір сүруде. Аудандағы жастар саны – 17 952, оның 5 110-ы жас отбасы. 2018 жылы дүниеге келген сәбилер саны 157 болса, биылғы жылдың қазіргі кезеңіне дейін 131 сәби дүниеге келген. Сонымен қатар, былтырғы жылы осы кезеңде 326 отбасы құрылса, биылғы жылдың бүгінгі күніне 343 жас отбасы некелерін рәсімдеген.

Күні кеше ауылдық округтерде отбасы күніне орай өткізілген әртүрлі форматтағы іс-шараларда белсенділік көрсетіп, қоғамдағы жанұяның маңыздылығын дәріптей білген, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп, ел ықыласына бөленіп отырған әрбір округтегі үлгілі отбасыларды аудан әкімі Мейірхан Азатұлы алғыс хаттармен марапаттап, естелік сыйлықтар тарту етті.

Салтанатты жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қамбар Иманалиев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Серік Құралбайұлы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Шырын Мамасерікова құттықтау сөз сөйледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.