Қордай ауданында «Жастар жылына» арналған  Халықаралық  ашық турнирі өтті

0 6

Қордай ауданында  «Каратэ-до Кекушинкай»- дан балалар мен жасөспірімдер және кадеттер мен қыздар арасында «Жастар жылына» арналған  Халықаралық  ашық турнирі өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Турнирге Ресей, Өзбекстан, Таджикистан, Қырғызстан Республикасы елдері мен Нұр -Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Жаңаөзен,Тараз, Меркі, Жуалы және Қордай ауданынан  үш жүзге жуық спортшы қатысты.  Меркі ауданының спортшылары дүбірлі додада алға шығып, командалық есепте 1-орынды иеленді.

Атап айтсақ, 1-орынды  Расул Абитов, Мирас Өркенұлы, Шерниязов Арсен, Азулаев Рауф,  Хамиров Тамирлан,Мерей Сәрсенбай, Бауыржан Хамиров, Даниэль Үсеналиев, 2-орындарды  Покатай Тарлан, Рафет Мавлюдов,  Нариман Мырзахметов, 3-орынды Бекасыл Ұласбек иеленді.

«Каратэ-до Кекушинкай» спорт түрінің жаттықтырушылары Жәнібек Муралиев пен Жібек Ахметова, екеуі де қара белдеу 1 дан иегері және Ровшан Алиев, 1 кю иегері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.