Тараз- Мойынқұм әуе тасымалы іске қосылады

0 2

Тараз қаласы мен Мойынқұм ауданы арасында әуе тасымалы іске қосылады. Аймақ басшысы Асқар Мырзахметов бұл ретте жауаптыларға нақты тапсырмалар берді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мойынқұм – облыс орталығынан ең шалғай жатқан аудандардың бірі. Екі ортадағы жол қиындығы қатынап жүрген жолаушылардың көптен көңілінде жүргені даусыз. Бұл мәселе енді оңынан шешілмек.

«Жамбыл облысы әкімі А.Мырзахметовтың тапсырмасына сәйкес, облысымыздағы шағын авиацияны дамыту қарастырылып отыр. Бүгінгі таңда, облысымыздың орталығынан Мойынқұм және Төле би ауылдарына әуе маршруттарын ашу мүмкіндіктерін зерделеу, соның ішінде қажеттілікті анықтау, әуеайлақ салуға кететін шығын көлемін анықтау бойынша жұмыстарын жүргізілуде»,-дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков.

Айта кетейік, Мойынқұм ауылынан облыс орталығына біркездері яғни, 1966-1990 жылдар аралығында күнделікті 2 рет АН-2 және ЯК-40 ұшақтарымен әуе тасымалы қызмет көрсеткен. Алайда, Республикамыз тәуелсіздігін алған жылдары еліміздегі қаржылық қиындықтарға байланысты аталған әуе маршруты жұмысын тоқтатқан. Алдағы уақытта ол қайта жаңданып, көптің тілегі орындалмақ. Әуе тасымалы іске қосылғанда екі арадағы автокөлікпен жүрілетін 4-5 сағаттық жол екі есе қысқарып, 1-1,5 сағатта жетуге мүмкіндік туады деп күтілуде. Айта кетер жай әуеайлағы дайын. Яғни орны бар. Енді тек жаңалап қайта іске қосу жұмыстары жүргізілмекші.

Leave A Reply

Your email address will not be published.