Шегірткені жеуге бола ма – Денсаулық сақтау министрі вице-премьердің мәлімдемесіне пікір білдірді

0 4

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында вице-премьер Серік Жұманғариннің шегірткенің «халал ас» екені туралы мәлімдемесіне пікір білдірді. 

«Өткен аптада премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин «шегіртке халал, оны жеуге болады» деп мәлімдеме жасап, біраз сынның астына қалды. Сіз – Қазақстанның бас дәрігерісіз. Осыған қатысты сіздің пікіріңізді білсек, шынымен шегірткені жеуге бола ма?» — деп сұрады журналист.

Министр шегірткені асқа пайдалану қазақ дәстүріне жат екенін айтып, қысқа қайырды.

«Әріптестер, сіздерді құрметтеймін. Бұл сұрақты комментарисіз қалдырсам… Әрбір мемлекеттің өзінің дәстүрі бар. Қазаққа тән емес дәстүр деп білемін. Сондықтан қазір оның зияны, пайдасы бар, халал, халал емес деп айтуға дайын емеспін. Бұл менің құзыретіме кірмейді», — деді Ақмарал Әлназарова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.