Жамбыл облысында балалар арасында сирек кездесетін ауру түріне ота жасалды

0 3

Жамбыл облыстық көпбейінді  балалар ауруханасының травматология және ортопедия бөлімшесінде Шу ауданынан келген  16 жастағы қыз балаға туа біткен кеуде қуысының  даму ақауына ота жасалды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Көкірек қуысының туа біткен даму ақаулары шамамен туған 1000 баланың бірінде пайда болады. 90 пайыз жағдайда оның сырттан байқалып тұратын «шұңқыр» тәрізді деформациясы болады. Оның қиындығыөскен сайын баланың жүрек соғысын қиындатуында және жалпы өсіп келе жатқан ағза жұмысына кедергі келтіруінде

Соңғы уақытта жасөспірімді ентікпе, қысылу, жүрек аурулары мазалағандықтан, қалыпты өмір сүру қалпынан айырылған

​- Аурудың сыртқы көрінісі кеуде сүйегінің және оған  бекіген қабырға бөлінісінің ішке түсіп тұруымен сипатталады. Қабырға доғалары аздап ашылған, эпигастрий аймағы аздап бұлтиған. Бұл жағдай — деформацияның жүрек қызметіне әсерін анықтайтын жанама белгісіБүйірлік рентгенограмманың көмегімен төстің қысылу тереңдігін анықтап, пациентке екінші дәрежелі «шұңқыр» тәрізді деформацияға байланысты торокапластика операциясы жасалдыКөкірек қуысындағы деформациялық орынға титанды пластика салынып, жоғары көтерілді, ол өз орнына біртіндеп түзеледі. Ота сәтті өтіп, қыздың демалысы жақсардыжүрек соғысы қалпына келтірілді, — дейді аурухананың бас дәрігері, ортопед-травматолог  Азат Сәтжанов.

Бүгінде қыздың  жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырылған.  Бірер күннен соң үйіне шығарылатын болады. Қыздың ата-анасы осындай отаны жасату үшін шет мемлекетке немесе Нұр-Сұлтанға баруға бел буғандарын, дегенмен ол өзіміздің аймақта жасалғандығына ризашылықтары шексіз екендігін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.