Қазіргі таңда егіс алқаптарында майлы және көкөніс пен бақша дақылдары жинастырылуда.  Бұл наухан да аяқталуға жақын. Атап айтсақ, 11,4 мың гектарға орналастырылған картоптан 269,5 мың тонна өнім жиналып, орташа өнімділігі – 235 центнерді құрады. Ал 24,5 мың гектарға егілген пияздың 99 пайызы жиналып, оның жалпы түсімі 1 миллион 246 мың тоннаны құрап, орташа өнімділігі гектарына 511,9 центнерден айналды. 43,2 мың гектарға орналастырылған көкөністің 95,8 пайызы жиналып, одан 1 704,2 мың тонна өнім алынған. Орташа өнімділігі гектарына 411,8 центнер. 18,6 мың гектарға егілген дәндік жүгерінің 61,9 пайызы жиналып, қамбаға 72,7 тонна өнім құйылған. Оның орташа өнімділігі – 63 центнерден айналуда.

 

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here