«ӘУЛИЕАТА-КІТАП ОҚИТЫН ӨҢІР» жобасы аясында «БІРГЕ КІТАП ОҚИЫҚ!» атты өңірлік жазушылардың шығармасын оқудан аудандық байқау өтті
Аудандық кітапхананың «КОВОРКИНГ» орталығында аудан әкімінің қолдауымен Сарысу аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Әулиеата-кітап оқитын өңір» жобасы аясында өңірлік жазушылардың шығармасын оқудан аудандық «БІРГЕ КІТАП ОҚИЫҚ! » атты байқауы өтті.
Шараны аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры А Жолмаханова ашып, құттықтау сөз сөйледі. Ауданымыздан шыққан жазушыларды насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқауға қатысушылар өңірлік жащушылар Шерхан Мұртаза, Бауыржан Момышұлы, Пернебай Дүйсенбин, Бергентай Нұрмаханұлы, Кәрібай Ахметбеков, Ілия Жақанов, Төлеу Үшқоңыровтардың шығармаларын оқып, көркем, әдеби тілде өз ойымен жеткізді.
Байқауға аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ақділда Диханбай , айтыскер ақын, айтыс ақындары мен жыршы — термешілердің Халықаралық Одағының мүшесі Талғат Хусайынов, ақын, еңбек ардагері Советкүл Жарылқасынова әділқазылық етті. Байқауда 21 қатысушы бақ сынасты.
Байқауды әділ қазылар қорытындылап, жүлдегерлерді марапаттады. Бас жүлдені Жайлаукөл ауылынан кітапхананың тұрақты оқырманы Өзбек Еркеназ жеңіп алса, жүлделі 1 — орынмен Ұйым ауылынан Ғалия Дүйсенбек марапатталды. Екінші орынға ақтоғайлық Алдаш Арман лайық деп танылса, үшінші орынды Досбол ауылынан келген Жаппар Алина иеленді. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен кітаптар сыйға тарту етілсе, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом және бағалы сыйлықтар тапсырылды.