Қала әкімі Бақытжан Орынбеков және қала прокуроры Нұржан Боранбаев сот төрағалары мен полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

0 4

Әкімдіктің мәжіліс залында шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков және қала прокуроры Нұржан Боранбаев сот төрағалары мен полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

– Ең алдымен баршаңызды 23 маусым –Полиция қызметкерлері күнімен және 24 маусым – Судья және сот қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қалада «Заң мен тәртіп» концепциясы аясында «Халық заңгері» акциясы жүйелі ұйымдастырылып келеді. «Тараз – қауіпсіз қала» жобасы аясында 52 іс-шара ұйымдастырылып, 5000-ға жуық адам қатысты.
Жыл басынан бері Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық, әкімшілік және Тараз қалалық соттарында Тараз қаласы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен 60-қа жуық әкімшілік және азаматтық істер қаралды.

Ел ішіндегі бейбітшілік пен тұрақтылық, қоғамдық тәртіп пен әділдіктің салтанат құруы – сіздердің адал еңбектеріңіздің арқасы деп білемін, – деді қала әкімі құттықтау сөзінде.

Жиында Тараз қаласы әкімінің арнайы құттықтауымен және алғыс хатымен сот төрағалары және полиция қызметкерлері марапатталды. Сонымен қатар, қала прокурорының арнайы сыйлықтары табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.