Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетовтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті. Отырысқа мекеме, бөлім басшылары мен комиссия мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды. Кәмелетке толмағандар арасында отбасылық құндылық, тәлім-тәрбие және т.б. түрлі профилактикалық-ақпараттық тақырыптарды қамту арқылы аудандық БАҚ-та атқарылған жұмыстар мен медиа-жоспардың орындалу барысы мен кәмелетке толмаған жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлық, маскүнемдік пен темекі шегудің алдын-алу және діни экстремизм мен терроризм және деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында профилактикалық іс-шаралар туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлбике Сәлімова және «Жастар ресурстық орталығының» директоры Мадина Прімбектің баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ, «Қауіпсіз терезе» акциясы аясында өтетін шаралар мен берілген тапсырмалар талқыланып, жауапты басшыларға тиісті нұсқаулар берілді.