Ақорда Президенттің Минскте Абу Дабидің Тақ мұрагерімен жүздескенін хабарлады.
— Жақында Астанаға жасаған сапарынан кейін Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Минск төрінде қайта жүздесті, — деп жазылған ресми парақшада.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты.