96 жастағы қария 93-тегі сүйіктісімен үйленді

0 6

Аккра қаласында 96 жастағы қария 93-тегі сүйіктісімен шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Zhambylnews AA Stan.kzке сілтеме жасап.

Джейм К.Андорфал мен оның қалыңдығы Маргарет Мануэль бір-бірімен 1960-жылдары танысқан. Олар 50 жыл бірге тұрған және тоғыз бала тәрбиелеп өсіріпті. Бірақ қанша жыл бірге тұрғанымен, ерлі-зайыптылар некеге отырмаған. Сол себептен өлер шақтарында неке қидыруды жөн көрген.

Шіркеуде екі қарияның некесін қиған діндар үйленетін жастар осы кісілерден үлгі алу керектігін айтады. Өйткені қазіргі кезде ажырасу оңай болып кеткен. Оның айтуынша, адамдар бір-бірін түсінуден және бағалаудан қалған.

«50 жыл бірге тұру дегеніміз, ол екі адамның бір-бірін сыйлауы және түсіне білуі», – дейді екі қарияға сүйсінген діндар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.