Сарысу ауданының  әкімі Семей полигонының ядролық сынақтарынан зардап шеккен азаматтармен кездесті

0
85

Сарысу ауданының  әкімі Марат Сұлтанғалиев Семей полигонының ядролық
сынақтарынан зардап шеккен азаматтармен кездесті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Тарихи күнге тура 30 жыл толуына орай, мерекелік төсбелгіні табыстаған аудан басшысы олармен емін-еркін әңгіме-дүкен құрып, ашық пікірлесті.

Айта кетейік, ел тәуелсіздік алған 1991 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигонын мәңгілікке жапты.

Бұл айтулы оқиға жерімізге сансыз қайғы-қасірет әкелген ядролық жарылыстарды тоқтатып, Тәуелсіз Қазақстан Республикасын бейбіт өмір сүйгіш ел ретінде әлемге әйгілі етті.

Егеменді болған еліміз жарты ғасырға жуық жерімізді бүлдіріп, ауамызды ластаған, азаматын ауру қылған бұл қасіреттен құтылуға белсене кірісті.

Ядролық сынақ алаңы жабылысымен адамдардың, балалардың денсаулығын қалпына келтіру және емдеу жолында ауруханаларды заманауи медициналық жабдықтармен жабдықтау мәселесі қолға алынып, азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетіле бастады.

Сондай-ақ, кезінде Семей полигоны аумағында әскерде, қызметте, оқуда болған, жарылыс зардаптарын шеккен облысымыздың оның ішінде аудан азаматтары да бар.

 

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here