Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияға алғаш рет ресми сапармен барды. Екі ел арасында автомобиль қатынасы жанданады. Одан бөлек, Цифрлық даму, туризм салаларында да бірқатар ортақ жобалар қолға алынбақ. Жалпы, 10 құжатқа қол қойды,- деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық агенттігі.
Қазақ Президенті Қасым Жомарт Тоқаевты, Арменияның мемлекеттік резиденциясында салтанатты түрде қарсы алды. Одан соң шағын құрамда келіссөз жүргізді. Тараптар арадағы көпқырлы байланысты одан әрі нығайтуға бейілді екендерін растады. Мемлекет басшысы бұл сапардың, Достық пен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 25 жыл толуы қарсаңында өтуінің символдық мәні бар екеніне назар аударды.
-Қазақ армян әріптестігін жаңа деңгейге көтеруге қатысты бастамаңызды толық қолдаймын. Біз армян халқының терең тарихына, ежелгі мәдениеті мен салт дәстүріне зор құрметпен қараймыз,-деді Мемлекет басшысы.
Армения Қазақстанның оңтүстік кавказ аймағындағы негізгі серіктестерінің бірі. 2022 жылы екі елдің арасындағы сауда айналымы 43 млн доллардан асқан. Ал былтыр 23 пайыз өсіп, 51 млн доллардың үстіне шықты. Қазақстан 33 млн доллардың тауарын экспорттап, 19 млн доллардың өнімін сатып алған. КСМ: Қазақстан Арменияға шығарылатын экспорт көлемін 350 миллион долларға жеткізуге дайын,- деді Президент.
Жиыннан соң Президент Ұлттық жиналыс төрағасы Ален Симонянмен бірге Матенадаран көне қолжазбалар ғылыми-зерттеу институтына барды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолжазбалар қорында сақтаулы тұрған қыпшақ құжаттары көрсетілді. Соңғы жылдары армян ғалымдарының көмегімен бұл жерден Орталық Азия және Қазақстан тарихына қатысты 40 көне еңбектің көшірмелері алынған. Қазақ басшысы Армения Президенті Ваагн Хачатурянмен де кездесіп, саяси экономикалық қана емес мәдени байланысты арттырудың маңыздылығына тоқталды.
Биыл Қазақстанда Арменияның мәдениет күндері өтеді. Бұл маңызды іс-шара халықтарымызды жақындата түсетіні сөзсіз. Әсіресе, рухани байланыстарымызды жандандырмақ. Президенттің бүгінгі ресми сапарының қорытындысы бойынша мұнай газ, өнеркәсіп, туризм, ауыл шаруашылығы, логистика және басқа да салаларда бірлескен жаңа жобалар қолға алынатын болды. Бұл келісімдер ресми құжатпен бекітілді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.