«Aq jol» газеті бас редакторының орынбасары тағайындалды

0 6

Бүгін Жамбыл облыстық «Aq jol» газеті бас редакторының орынбасары болып Дәулет Төленді тағайындалды. Облыстық «Арай» жастар газетінде еңбек жолын бастаған Д. Төленді Тараз қалалық «Жамбыл Тараз» газетінде де біліктілігімен көзге түсті. Кейін «Арай» жастар газетінде бас редактордың орынбасары болып, басылымның жаңа бағыт алып, оқырмандарының көбеюіне сүбелі үлес қосты. Бұдан бөлек, бірнеше республикалық басылымдарда еңбек еткен ол қаламы қарымды журналист екенін дәлелдеді. Ал, бұл уақытқа дейін біршама уақыт Астана қаласында Ішкі істер министрлігі Медиа орталығында бас директордың орынбасары қызметін атқарған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.