Көкшетауда мемлекеттік қызметкерлер жұмыс кабинетінде төбелесті

0 0

Мемлекеттік қызметкер әйел төбелес кезінде әріптесінің кеудесін тырнап алды. Ақмола облысында мемлекеттік мекеме басшысы қол жұмсағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп  sputniknews.kz хабарлады. 

Көкшетау әкімшілік соты Ақмола облысы бойынша ревизиялық комиссия төрағасының міндетін атқарушыға қатысты әкімшілік материалды қарады.

Оқиға 1 ақпанда болған. Зардап шеккен әйелдің айтуынша, кабинетіне персоналды басқару қызметінің маманы келіп, тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешіммен таныстырған. Ол бұл шешіммен келіспей, ревизиялық комиссия төрағасының кабинетіне барған, басшы орнынан ұшып тұрып, оны жұлқылап, сол жақ кеудесін тырнап алған.

5 ақпандағы сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша зардап шегушіге жеңіл дене жарақаты келтірілгені белгілі болды. Сарапшы жарақат қолдың тырнағымен салынғанын растады.

Сотта төрайым кінәсін мойындаған жоқ. Ол өзінің кабинетіне А. кіріп келіп, дауыс көтере сөйлегенін айтты. Сондықтан мемлекеттік қызметкердің этикасын сақтамағаны туралы акт жасалған.

Сот төрағаның міндетін атқарушыны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1 бабы 1- бөлігі бойынша кінәлі деп тапты. Жанжалқой мемлекеттік қызметкерге 25 мың 253 теңге айыппұл салынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.