Әжейді немересімен бірге полицияға күштеп жеткізді – баланың өкілі

0 0

Құрманғазы Мүсір Алматыға немересімен бірге жол тартқан әже қоңырау шалып, көмек сұрағанын айтты

Оңтүстік Қазақстан облысында жоғары сынып оқушылары зорлады деген жеті жасар баланың ресми өкілі Құрманғазы Мүсір баланы әжесімен бірге Шымкент — Алматы бағытындағы пойыздан түсіріп алып, ОҚО ішкі істер департаментіне жеткізген полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне түсініктеме берді, бұл туралы Sputnik хабарлайды.

«Мен, Құрманғазы Мүсір кәмелетке толмаған баланың, оның отбасы мен әжесінің ресми өкілімін. Алматыда тәуелсіз сот-медициналық сараптамадан өтуді жоспарлаған едік, алайда ІІД бастығы Дәлбековтың басқаруындағы полиция зардап шегушілерді (әжейді баласымен – ескерт.) еркінен тыс ІІД ғимаратына жеткізіп, оларға өздеріне түсініксіз құжаттарға қол қоюға мәжбүрледі. Менің кәмелетке толмаған сенім білдірушімді қайда жеткізгені жайлы жақ ашпай отыр», — деп хабарлады Мүсір.

Ал облыстық ІІД қызметкерлері оларды пойыздан баланың қауіпсіздігі үшін түсіріп алдық деп отыр.

Полицияның мәліметінше, ІІД-ге отбасы, балалар мен жастар істері басқармасынан зардап шегуші баланы оның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастыру туралы өтініш түскен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.