Қарағанды облысының Ақтас ауылында ер адам көктайғақта тайып жығылып, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ер азаматтың тайып құлап, ес-түссіз жатқандығы жөнінде жедел жәрдем қызметіне оқиға болған жерде орналасқан дүкеннің сатушысы хабарлаған.
«Медициналық көмек қажеттігі жөнінде шақырту таңғы сағат 08-08-де келіп түсті. Сағат 08-25-те Сарань қаласының жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жетті. Келе салысымен дәрігерлер құлаған адамның мерт болғанын анықтады. Ол дәрігерлер келгенше жантәсілім еткен»,- деп хабарлады басқарма өкілдері.
Ведомство қызметкерлері ер адамның жасы 50-ден асқандығын айтты. Оның не себептен қайтыс болғандығын сот-медициналық сараптамасы анықтайтын болады.