Таразда есірткі сатушылардан 5,5 млн теңгеге мефедрон тәркіленді

0 16

Жамбыл облысының полициясы синтетика сатушылардың қызметін тоқтатты. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Ұзақ уақыт бойғы жедел-тергеу іс-шаралар кешенінің нәтижесінде есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар 2 күдікті – Тараз қаласының 34 және 32 жастағы тұрғындары анықталып, ұсталды.

Олар синтетикалық есірткіні облыс орталығы аумағында таратқан.

Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктілердің бірінің үйіндегі жатын бөлмесінен жалпы салмағы 122,37 гр «мефедрон» синтетикалық заты жасырылған орын табылды.

Яғни 330-дан астам доза есірткінің тұтыну үшін таралуына жол берілмеді, оның қара нарықтағы құны 5,5 миллион теңге сомасына бағаланады.

— Екі жақын дос Тараз қаласында есірткі заттарын сатумен айналысқан. Жедел қызметкерлер оларды ұзақ уақыт бақылады. Есірткі сатушыларды ұстау бойынша арнайы операция олардың тұтынушылармен алдын-ала кезекті «келісімінен» кейін жүргізілді, — деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.