Еліміздің 17 облысы мен 3 мегаполисінде күн райының құбылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидрометтің баспасөз қызметі.
6-7 мамыр аралығында қатты жауын-шашын болады деп болнуына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарында беткейлік ағын қалыптасуы және өзендерде су деңгейі көтерілуі ықтимал, судың жайылуы, су басуы мүмкін.
Қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда өзендердің жайылу аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
6 мамырда түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрады.
Жел батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, жылдамдығы 8-23, кей уақытта екпіні 29 м/с болады.
Алматы қаласында 6 мамырда түнде қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай ойнап, бұршақ жауады. Батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Қонаев қаласында 6 мамырда кей уақытта найзағай күтіледі. Жел батыстан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с.
6 мамырда түнде Абай облысында жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
6 мамырда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қаласында 6 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.
6 мамырда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде таулы аудандарында, күндіз тау бөктерлерінде кей уақыттарда найзағай ойнап, дауыл соғады.
Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.
Шымкент қаласында 6 мамырда кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауыса жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.
Түркістан қаласында 6 мамырда түннің бірінші жартысында кей уақыттарда найзағай ойнап, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.
6 мамырда Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, түнде облыстың шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
6 мамырда түнде Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды қаласында 6 мамырда түнде топырақтың бетінде 2 градус үсік жүреді.
6 мамырда түнде және таңертең Ұлытау облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
6 мамырда түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстік бөлігінде, орталығында, таулы аудандарда найзағай, бұршақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.
Талдықорған қаласында 6 мамырда түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.
6 мамырда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде 1-6 градус үсік күтіледі. Көкшетау қаласында 6 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
6 мамырда күндіз Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде 1-6 градус үсік күтіледі. Қостанай қаласында 6 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде 1-3 градус үсік жүреді.
6 мамырда түнде және таңертең Атырау облысының шығысында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
6 мамырда түнде Ақтөбе облыстың солтүстігінде 3 градус үсік сақталады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Ақтөбе қаласында 6 мамырда түнде 1-3 градус үсік сақталады.
6 мамырда түнде Қызылорда облысының орталығында, шығысында тұман, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. 6 мамырда облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қаласында 6 мамырда түнде тұман күтіледі.
6 мамырда түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік, облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
6 мамыр күні күндіз Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Орал қаласында 6 мамыр жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с болады.
Астана қаласында 6 мамырда түнде 1-3 градус үсік жүреді.
6 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында түнде 1-6 градус үсік күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Петропавл қаласында 6 мамырда түнде 1-3 градус үсік күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.