Биыл аққулар Каспий теңізінің Ақтаудағы айдынына ұзақ тұрақтады

0 4

Қыстың ызғары кетіп, көктем шуағын төкседе аққулар Ақтауды әлі төңіректеп жүр, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA 24хабар арнасына сілтеме жасап.

Әдетте қанаттылар Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында қыстап шығып, наурыз айының басында қайта ұшып кететін. Ал биыл асығар емес. Жүздеген құс падишасы 5 айдан бері осы жағалауда жүзіп жүр. Мұндай жағдай соңғы 10 жылда болмаған екен. Аққулардың ұзақ тұрақтауына әсіресе қала тұрғындары мен қонақтары қуанышты. Теңіз сәніне айналған құстарды тамақтандырып, қызықтайды.

Мамандар аққулардың Ақтауда ұзақ жүруін биылғы қыстың қатты әрі ұзақ болуымен байланыстырып отыр. Солтүстікте күн әлі жылымағандықтан қанаттылар қайтуға асығар емес, дейді жауапты сала басшылары.

Ғаббас Досатов, облыстық жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:

«Биыл біз шамамен 5-7 мың ұшып келді деп есептеп отырмыз. Фламинго да шамамен 5 мың, Қаракөлде өздеріңіз көрдіңіздер. Күні кеше қарадық, бізде Қаракөлде әртүрлі 100-ге жуық аққу, 300-400 шамасында фламинго жүр».

Leave A Reply

Your email address will not be published.