Атыраудағы балабақшаларда асық-терапия енгізілді

0 7

Қазақтың ұлттық ойыны — асық ату Атыраудағы балаларды дамытуға септігін тигізіп жатыр, —  деп хабарлайды «Zambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап .

«Қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық ойыны асық ату соңғы кезде ұмыт бола жаздады. Біз соны жаңғыртуды мақсат еттік. Асық ойнаған баланың жылдамдығы, мергендігі дамып, алыстан көру қабілеті артады, аяқ-қолы ширақ қимылдап, епті бола түседі. Асық ату үшін балаға логикалық ойлау да қажет, бұл бүлдіршіндердің ой-өрісін дамытады», — дейді бастамашылардың бірі, «Көркем-ай» балабақшасының тәрбиешісі Светлана Салықова.

Тәрбиешілер балалармен бірге басқа балабақшалардағы әріптестеріне асықтың 30-дан астам түрін көрсетті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасында отансүйгіштіктің негізі ретінде туған жерге, ата дәстүрге, ұлттық құндылықтарға ерекше мән беру қажеттігі айтылады. Сондықтан да біз қазақ ұлттық ойындарын жаңғыртып, асық-терапияны насихаттап жүрміз. Бұл балаларды ұйымшылдыққа, достыққа баулиды, оның үстіне ол өте қарапайым әрі қолжетімді», — дейді Атыраудағы балабақшалардың бірінің директоры Гүлбану Қонаева.

Leave A Reply

Your email address will not be published.