Ақтөбе облысындағы тас жолда қырғыз номері бар шағын автобусқа оқ атылды, бұл туралы Қырғызстан СІМ ресми өкілі Айымқан Кулукеева Facebook парақшасында жазды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Кулукееваның айтуынша, Қырғызстанның Қазақстандағы елшілігі Ақтөбе облысындағы тас жолда қырғыз номері бар шағын автобусқа оқ атылғаны туралы ақпаратты тексеріп жатыр.
ҚР СІМ мамандарының айтуынша, бұл оқиғаның Ақтөбе облысындағы тас жолда 6 сәуірге қараған түні болғаны жайлы ақпарат келіп түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, көлік бұзылып, жүргізуші қосалқы бөлшектер әкелуге кеткен. Келгенде көлікке бірнеше оқтың тигенін және жолаушының жаралы екенін көрген. Полиция мен жедел жәрдем сол жерге жетті, СІМ мамандарының айтуынша, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.