«Алтын жүрек» — мейірім мен қамқорлық марапаты

0 9

Достық үйінде «Ана үйі» қоғамдық қоры жанындағы Ұлттық бала асырап алу агенттігінің 10 жылдық мерейтойы мен бала қамқоршысы күні аталып өтті.

Іс-шара Достық үйімен танысу экскурсиясынан басталды. Ғимарат ішіндегі балалар саяхатын “Қоғамдық келісім” КММ қызметкері Замана Исмаилова жүргізді. Жас жеткіншектер түрлі этнос өкілдерінің көрме залындағы салт-дәстүрі, ұлттық киімдері және көне жәдігерлерінен қысқаша мағлұмат алды.

Шараға «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы, Аналар алқасының төрағасы Мубарак Жинақбаева бастаған алқа мүшелері, Жамбыл облысындағы 34 патронаттық отбасы, мемлекеттік органдардың өкілдері, сала мамандары, еріктілер мен меценаттар қатысты.✅

Жиын барысында «Ана үйі” қоғамдық қорының Жамбыл облысы бойынша өңірлік өкілі Айгүл Қалтаева сөз сөйлеп, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Жиынның негізгі бөлімі — Қазақстанның ұлттық «Алтын жүрек» сыйлығын табыстау рәсімі болды. Марапат жеті номинация бойынша табысталып, қабылдаушы отбасылардың балаға деген сүйіспеншілігі, ауызбіршілігі, жанашырлығы мен адалдығы жоғары бағаланды.

Марапат иелеріне қаржылай сыйлық сертификаттары, Тараз қаласы әкімінің алғыс хаттары мен құттықтау қағаздары табысталды.

Мерекелік шара барысында жас өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп, көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады.
Мейірім мен махаббатқа негізделген әрбір отбасы – бала үшін ең қымбат мекен!

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.