Әсет Есекешов: Оқиғаның себепкерлері жазасын алады

0 3

«Жаннұр» СҮ алаңында орнатылған батутта ойнап, зардап шеккен балалардың хал-жағдайын білді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балалардың ата-аналарымен әңгімелесу барысында қала билігі, ІІД мен ТЖД-нің оқиғаны өз бақылауына алғандығын алға тартты. Ол, сондай-ақ, кінәлілердің жазаға тартылатындығын айтты.

Естеріңізге салайық, оқыс оқиға кеше, 4 мамырда сауда үйі маңында орын алды. Үстінде балалар ойнап жатқан батут желмен ұшып кеткен болатын. 5 бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Астана қаласы әкімдігінің сұрауы бойынша балаларды үздік мамандар сондай-ақ, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының дәрігерлері күтуде.

Елорда полицейлері ҚР ҚК 306 бабының 2 тармағына (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету) сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті.

Айта кетейік, 2018 жылдың 3 мамырында төтенше жағдайлар департаменті желдің күшейетіндігі туралы хабарландыруды таратқан болатын.

Батут орнатылған алаң жоғарыда аталған сауда үйіне тиесілі.

Елорда әкімдігі қаланың сауда және ойын-сауық орталықтарының алаңына аттракциондарды орнатуға рұқсаттамаларды бермейді.

Кәсіпкерлік субъектілері шаруашылықты жүргізетін екі субъектінің арасындағы жалға алу жөніндегі келісім-шарттың негізінде ғана батуттарды СОСО және сауда орталықтарының алаңдарында орналастырады.

Бұл тұста заңды тұлға, яғни сауда орталығы иесінің жарғысымен нысан жанындағы алаңды жалға беру тетігі де қарастырылуы қажет. Қала әкімдігі ата-аналарды қырағылық танытып, құтқарушылардың таратқан хабарламасын назарға алуға, қатты жел кезінде балалардың далаға шығуына жол бермеуге шақырады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.