Таразда тұңғыш рет бүйрек трансплантациясы жасалды

0 2

Күні кеше Таразда Сейітхан Жошыбаев атындағы жүрек ғылыми-клиникалық және трансплантология орталығында бұрын соңды болмаған ота жасалды. Яғни, ағайынды Қуатовтардың ағасы інісіне донор болуы арқасында бүйрек трансплантациясы ойдағыдай жүзеге асырылды. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды Jambyl арнасына сілтеме жасап.

1987 жылы туылған Ерлан Қуатов бүйрек дертімен 2007 жылдан бері емделіп келген. Қаралмаған клиникасы,  ашпаған есігі қалмаған.  Науқастың беті бері қарамағандығын көрген бауыры Руслан жарғақ құлағы жастыққа тимей қалайда інісін аман алып қалуға осылайша шешім қабылдаған.

Мира Керітбаева, Анасы:

— Балам  айтты: «Інім ауырғанша, осылай қиналғанша, бір-бір бүйрекпен жүрейік» –мама, деп. Күйеуім жоқ, қайтыс болған. Үш баланы өзім өсірдім. Екінші баламда да диплом бар. Нефтянник болатын еді. Осылай үш айдан бері анализ тапсырдық.

Бұл өңірде бүйрекке трансплантация жасалған алғашқы ота. Ал, Жамбыл облысында дәл осындай бүйрек донорлығына зәру 100 адам тіркеуде тұр. Дәрігерлердің айтуынша, донор болуға тек туысқандары ғана келіседі екен. Бұған дейін  Жамбылдық азаматтардың 65-сіне бүйрек, 14 науқастың бауыры, 4 адамның  сүйек кемігі және екі жанның жүрегі Республикалық клиникаларда трансплантация жасалынып, дәрігер назарында. Бүгінгі  трансплантация  республикалық үйлестіру орталығының үйлестірушісі, атақты хирург Жақсылық Досқалиевтің қадағалауымен жүргізілді.

Жақсылық Досқалиев  Трансплантация бойынша республикалық үйлестіру орталығының үйлестірушісі, 

— Хирург Антигендік жағынан бір-біріне сәйкес келу керек. 50 шақты параметрлер сәйкес келгенде ғана ота жасауға, бүйрек ауыстыруға болады. Бүйрек ауыстырып болдық осымен шаруа бітті деген сөз емес. Бұл үлкен жолдың басы деп айтуға болады. Ары қарай дәрі-дәрмектерін алады. Керекті дәрілер бәрі де Қазақстанда мемлекет тарапынан тегін.

Донордан бүйректі ажырату, орнына салу операциясы 3 сағатқа созылды. Осылайша, 33 жастағы ағасы 31 жастағы інісіне бағасыз сый жасады.  Сондай-ақ, елімізде 2012-ші жылдан бері аурухана төсегінде көз жұмған  адамдардың сау ағзаларын пайдалану әдісі де қолданылып келеді. Медицинаның салты бойынша трансплантацияның сәтті аяқталуының белгісі ретінде ақ ту көке көтерілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.