Қазақстанда он үшінші ұлттық саябақ пайда болды

0 5

«Тарбағатай» саябағы Шығыс Қазақстанда орналасқан. Қазақстанда жаңа ұлттық табиғи саябақ пайда болды. Үкіметтің қаулысы туралы жаңалықпен орман шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет бөлісті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA  Sputnik сайтына сілтеме жасап.

«Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы құрылды», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.

https://www.facebook.com/s.dildakhmet/posts/1038843259600558

Қазақстандағы ең ірі ұлттық саябақ Қатон-Қарағай болып саналады, ол да Шығыс Қазақстанда орналасқан. Аумағы — 643 мың гектар.

Ал ең кішісі – Баянауыл ұлттық табиғи саябағының аумағын 68 мың гектар екен. Ол еліміздегі ең алғашқы саябақ – 1985 жылы ашылған.

Жаңа ұлттық саябақ ауданы бойынша сегізінші орында тұр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.