Қазақстандағы ірі туристік компания жоспарланған барлық турлардың күшін жойды

0 3

Ресейдегі «Natalie-Tours» ірі туристік оператордың құрамына кіретін «Панорама Тур» компаниясы 2018 жылдың 4 шілдесінен 30 қыркүйегіне дейінгі барлық сапарлардың күшін жойды. Бұл туралы компания сайтында жарияланған арнайы мәлімдемеде айтылды.

«Құрметті әріптестер мен серіктестер, қабылдаушы серіктестерімізбен арадағы келеңсіз жағдайларға қатысты қазір, «Панорама Тур» компаниясы туристік сапарлар міндеттемелерін орындауға кепілдік бере алмайтынын хабарлауға мәжбүрміз. 2018 жылдың 4 шілдесінен бастап 2018 жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі барлық тапсырыстар мен қызметтердің күші жойылады», — делінген хабарламада.

Сайтта хабарланғандай, компанияның операциялық қызметі қалыпты режімде жүзеге асырылады, ал визасы рәсімделіп, тұрақты рейс авиабилеті сатып алынған туристер бұл қызметті өз қалауы бойынша толық көлемде пайдалана алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.