Шу аудандық орталық кітапханасы «Латын әрпі — болашақтың бағдары» атты дөңгелек үстел өткізді

0 24

Бүгін Шу аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Латын әрпі – болашақтың бағдары» атты дөңгелек үстел кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар арасында өткізілді. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды.

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашаққа барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Осы орайда, іс-шарада зейнеткер М.Ешенқұлов, Шу несие серіктестігінің төрағасы Е.Досымбаев, айтыскер, ақын «Мәдениет қайраткері», зейнеткер Б.Асқаров өз ойларын ортаға салды.

Шара соңында пікірталасқа ұласқан дөңгелек үстелдің жұмысы қорытындыланып, бүгінгі шараға оң баға берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.